Бөлімдер санаты
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 
 
 
 
 
 
1
2345678
9101112131415
16171819
20
2122
23242526272829
30
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар

Аңдатпа

23 қыркүйек 2013
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар анонсы

 

25 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Астанаға келетін Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдердің үкімет басшыларымен және байқаушыларымен кездеседі.

Кездесуде еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету, сондай-ақ 2013 жылы 29 мамырда Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты даярлау туралы  кең ауқымды мәселелер қаралатын болады.

 

27-28 қыркүйекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Князь II Альбердің шақыруы бойынша Монако княздігіне ресми сапармен барады.

Сапар барысында Монако Князі II Альбермен екіжақты келіссөздер жүргізу, сондай-ақ Қазақстан-Монако бизнес-форумы аясында екі елдің іскер топтарымен кездесу қарастырылып отыр.

Қазақстан Президентінің сапары Монако Княздігімен ынтымақтастықтың барлық спектрін дамыту жөнінде қол жеткізілген келісімдерді, 2012 жылы қарашада қол қойылған екі мемлекет басшыларының Бірлескен декларациясында көрініс тапқан басты бағыттарды ілгерілетуге бағытталған.    

 

 

 

 

 

 

 


Барлық аңдатпа
 
Басқа аңдатпа
Барлық аңдатпа