Бөлімдер санаты
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 
 
 
 
 
 
1
2345678
9101112131415
16171819
20
2122
23242526272829
30
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар

Аңдатпа

30 қыркүйек 2013
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар анонсы

 

30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахоймен кездеседі.

Келіссөздер барысында екіжақты өзара іс-қимылдың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету аспектілері қаралатын болады.

Бұған қоса, сапардың қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты ведомствоаралық және коммерциялық келісімшарттарға қол қою жоспарланып отыр.

Жалпы, М.Рахойдың Қазақстанға ресми сапары Қазақстан-Испания саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын тереңдетуге және елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті мазмұндық тұрғыда толықтыруға ықпалын тигізетін болады.

 

3-4 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келетін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен екіжақты келіссөздер жүргізеді.

Келіссөздер кезінде мемлекет басшылары сауда-экономикалық және индустриялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі өнеркәсіп кооперациясын талқылайды.

Сонымен қатар, посткеңестік кеңістіктегі, бірінші кезекте, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді дамыту барысы талқыланатын болады. Бұған қоса, мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесіне және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Беларусь Президентінің алдағы сапары мемлекеттердің екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастығын нығайтуға және жаңа серпін беруге арналған, сондай-ақ өзекті халықаралық проблемалар жөніндегі ұстанымдарын айқындауға мүмкіндік береді.

        

       


Барлық аңдатпа
 
Басқа аңдатпа
Барлық аңдатпа