National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге қазақ-жапон бизнес форумына қатысты

2015 жылғы 27 қазан

 

Іс-шараны ашқан Нұрсұлтан Назарбаев жапон тарапымен шағын және кеңейтілген құрамда жүргізілген келіссөздердің жемісті болғанына тоқталды. Екі елдің қарым-қатынасына қатысты барлық мәселелер, өңірлік және халықаралық проблемалар талқыланды.

Мемлекет басшысы Жапонияның жоғары технологиялар державасы болып саналатынын да атап өтті.  

Жапония әлемде ішкі жалпы өнім көлемі жөнінен үшінші орын, экспорт жөнінен төртінші және адам капиталын дамыту индексі бойынша оныншы орын алады. Қазақстан мен Жапония – стратегиялық серіктестер, біз өте жоғары деңгейде экономикалық байланыс орнаттық. Елдеріміздің арасындағы тауар айналымы соңғы 7 жылда шамамен 10 миллиард доллар болды. Қазақстанда бүгінде жапон капиталының қатысуымен 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың қатарында «Toyota», «Marubeni» және басқа компаниялар бар, – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта құны шамамен 72 миллион доллар болатын перспективалы инвестициялық жобалар жөнінде келіссөздер қызу жүргізіліп жатқанына да назар аударды.

Солардың қатарында этанол өндірісі, онкологиялық аурулар диагностикасы орталығын құру, «Тойотаның» жаңартылған моделін шығару, терминал құрылысы және басқалары бар. Біз сіздердің серіктестік пен өзара инвестицияны жалғастыруға деген ықыластарыңызды жоғары бағалаймыз. Әлбетте, атом энергетикасы біздің ынтымақтастығымыздың маңызды бағыты болып қала береді. Біз әлемдік нарыққа, соның ішінде Жапония нарығына мейлінше жете өңделген уран өнімдерін жеткізуге мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Бүгінгі іс-шара аясында екі ел компаниялары арасында 10-нан аса коммерциялық құжатқа қол қойылатыны атап өтілді. Қазақстан Президенті осы құжаттарды жүзеге асыру ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, экономикамызды әртараптандыру ісіне өз үлесін қосады деп үміттенетінін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев жапон компанияларының индустрияландыру және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларына, Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына, сондай-ақ экономиканың негізгі активтерін кең ауқымды жекешелендіру ісіне атсалысу перспективаларына қатысты мәселелерге де арнайы тоқталды.

Сөзінің соңында Мемлекет басшысы осындай іскерлік кездесулер мен бизнес форумдары екі ел кәсіпорындары арасында жаңа келісімшарттар жасау үшін жақсы мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді.

Жапония Премьер-министрі өз сөзінде  форумға қатысушыларды іс-шараның ашылуымен құттықтады. С.Абэ Қазақстан жүргізіп жатқан экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру ісі екіжақты серіктестікті өрістету үшін берік негіз болатынын атап өтті. Жапония компанияларының шет елдерде өндірістер құру жөнінен жеткілікті тәжірибесі бар, сол арқылы жұмыс орындарык көбейту және білікті кадр даярлау ісіне үлес қосып келеді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды

2024 жылғы 15 сәуір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің