Жаңалықтар

6 қыркүйек 2012
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Премьер-Министрі Андрус Ансиппен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында биыл Қазақстан мен Эстония арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанының 20 жылдығы атап өтілуде екенін, сондай-ақ екі елдің өзара тиімді және қарқынды ынтымақтастығына мүдделестік барын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында биыл Қазақстан мен Эстония арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанының 20 жылдығы атап өтілуде екенін, сондай-ақ екі елдің өзара тиімді және қарқынды ынтымақтастығына мүдделестік барын айтты.

Мемлекет басшысы өткен жылы екі елдің экономикасының өсімі 7 проценттен асқанына назар аударды және эстондық компанияларды қазақстандық бизнеспен белсенді ынтымақтастық орнатуға шақырды.

- Қазіргі уақытта қазақ-эстон бизнес-форумы өтуде. Мен өз тарапымнан біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған барлық бастаманы толық қолдаймын. Біз индустриялық-инновациялық бағдарламаны белсенді іске асырудамыз, зауыттар мен фабрикалар салудамыз, сондай-ақ батыс елдерінің жоғары технологиясын тартудамыз. Экономиканың қарқынды дамуы мен қолайлы макроэкономикалық көрсеткіштердің арқасында, Қазақстан шетелдегі түрлі жобаларды қаржыландыру үшін инвестициялау мүмкіндігіне ие болып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.    

Эстония Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы шырайлы қабылдауы үшін алғысын жеткізді және екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар Андрус Ансип экономиканың түрлі секторындағы өзара қарым-қатынасты жандандырудың келешегі бар екенін айтып өтті.

Қазақстанда эстондық капиталдың қатысуымен 54 кәсіпорын тіркелген. Олар экспорттық-импорттық операциялар, делдалдық қызмет көрсету, жиhаз өндірісі, азық-түлік өнімдері, құрылыс және архитектура салаларында жұмыс жүргізеді. 2001-2012 жылдардан бері Эстониядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестицияның жалпы түсімі 45,7 миллион долларды, соның ішінде 2012 жылдың бірінші тоқсанында 28,9 миллион долларды құрады.

2011 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 63 миллион долларды құраған. 2012 жылғы қаңтар-маусым айларында тауар айналымы 13,2 миллион долларды құрап отыр.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар