National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады

2013 жылғы 03 сәуір

 

С.Ахметов Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері туралы баяндады.

Қазақстан Президенті экономиканың одан арғы өсу қарқынын және егіс науқанына уақтылы дайындықты қамтамасыз етуге назар аударды.

- Көктемгі егіс жұмыстары басталып та кетті. Туындап отырған барлық мәселені дер кезінде шешу қажет. Оңтүстік өңірлердің әкімдерімен кеңес өткізу кезінде мен осы мәселелердің бәрін ерекше бақылауда ұстауды тапсырдым. Тағы бір өте маңызды міндет – индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында тапсырылған барлық нысанның жоспарлы қуатында іске қосылуы. Әр жыл сайын барлық өңірде біз жаңа зауыттар мен фабрикалар ашудамыз. Үкімет олардың толыққанды жұмыс істеуін және еліміздің экономикалық дамуына нақты үлесін қадағалағаны жөн, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елімізде теміржол және автомобиль салаларында ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатқанына тоқталды. Қазақстан Президенті оларды белгіленген мерзімде орындау қажеттігін атап көрсетті. 

- Жалпы, әлеуметтік-экономикалық даму оң қарқын танытуда, экономикалық өсім болжамы 4,3 пайыз деңгейіде болад деп күтілуде. Егер инвестиция құрылысқа қосымша  қарқын беретін болса, онда біз 4,5 пайыз шамасындағы өсімге қол жеткіземіз. Сіздің тапсырмаңыз бойынша Үкімет жүзеге асырып отырған мұндай қарқын және барлық атқарылған жұмыс жыл қорытындысы бойынша экономиканың 6 пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, С.Ахметов бірінші тоқсандағы инфляция деңгейі, бағалау бойынша, 1,9 пайызды құрайтынын, өнеркәсіп өндірісінің бір пайыздық өсімі күтілетінін мәлімдеді. Мұндай көрсеткіштер еліміздің экспорттық серіктестері бар Еуропадағы дағдарыстық құбылысқа қарамастан, экономикалық дамуды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, Премьер-Министр «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыру барысын және денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы, атап айтқанда, апат алдында тұрған мектептер мәселесін шешуге және үш ауысыммен оқытуды жоюға мүмкіндік туғызу үшін бөлінген қаржыны оңтайлы бөлуге бағытталған жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндап берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.                     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің