National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

2015 жылғы 16 қараша

 

Кездесу барысында Ұлттық банктің қазіргі қызметіне және ақша-несие саясатына, елдегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ банктердің экономиканың нақты секторын несиелеуіне байланысты мәселелер талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк  қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін қайта орнықтыру үшін шаралар қабылдап, экономиканы долларсыздандыру жұмыстарын жалғастыруы тиістігін атап айтты.

Ұлттық валютаның еркін бағамы жағдайында халыққа төтенше ештеңе болып жатпағанын түсіндіру қажет. Теңгеге энергия тасымалдаушы өнімдердің бағасының төмендеуі ықпал етуде, бұл – табиғи үдеріс. Сонымен қатар, инфляция деңгейін, халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету ісін қадағалап, әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсету жағын қарастыру керек. Облыс әкімдері осы мәселелерді бақылауы тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы қазіргі ахуалмен санасуға мәжбүр екенін айтты.

Бұл жағдайда бізге тиісінше ақша-несие саясатын жүргізіп, икемді бағам қалыптастыру қажет. Ең бастысы – қазір не болып жатқанын қоғамға түсіндіру, – деді Д.Ақышев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің