Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 желтоқсан 2015
Мемлекет басшысы Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровскиймен кездесті
«Қазақстан» орталық концерт залы

 

Елбасы кездесу барысында М.Пиотровскийге Астанаға сапарлап келгені үшін алғыс айтты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Мемлекеттік Эрмитаж арасында ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев музейлердің тәжірибе алмасуы және жұмыс бабындағы тұрақты байланыстары Қазақстан мен Ресей халықтарының бай мәдени және тарихи мұраларын сақтау ісіне қомақты үлес қосуға мүмкіндік беретініне назар аударды.

М.Пиотровский өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 1-2 желтоқсанда өтіп жатқан «Эрмитаж күндері» туралы әңгімеледі, сонымен қатар Мемлекет басшысына екі елдің мәдениетаралық ықпалдастығын дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар