Жаңалықтар

27 қазан 2015
Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Миан Мохаммад Наваз Шарифке адам шығынына ұшыратқан күшті зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанның көптеген азаматтары құрбан болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына жеке өзінің және бүкіл Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар