Жаңалықтар

9 қыркүйек 2016
Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Астана мен Алматы қалаларының және облыс әкімдерінің қатысуымен өткен отырыс барысында ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде биыл еліміз бірқатар тарихи маңызды оқиғаны мерекелейтінін айтты.

– Биыл біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл оқиға аясындағы барлық мерекелік іс-шаралар тиісті қоғамдық-саяси тәртіпті қамтамасыз ете отырып, жоғары деңгейде өткізілуі керек. Бұл әсіресе біздің сыртқы және ішкі қауіпсіздігімізге әсер ететін әлемдегі сын-қатерлердің артуы кезінде айрықша өзекті болып отыр, – деді Елбасы.

Бұдан бөлек, өңірлер әкімдеріне Ұлт жоспарын, қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді тиімді орындау, жұмыспен қамту және халықтың мұң-мұқтажына уақытылы назар аудару, сондай-ақ жергілікті жерлерде идеологиялық жұмыстарды жақсарту жөнінде міндеттер қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар