Жаңалықтар

4 қыркүйек 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Тараз қаласында тұратын Тәжібаевтар отбасынан хат келді

 

Өз хатында авторлар Мемлекет басшысына қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін жақсарта түскен тиімді саясаты үшін алғыс білдірген.

«Атап айтқанда, Сіздің идеяңыздың бірі – Астана қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік орталығына айналып қана қоймай, озық технологиялар, ғылым мен медицина орталығына да айналды. Біз бүкіл отбасымызбен Сіздің еңбегіңіздің куәсі болдық», – делінген хатта.

Сондай-ақ, Тәжібаевтар отбасы хатта 2013 жылы шілдеде Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта жүрек ауруы диагнозы қойылған Ардақ Сериеваға операция сәтті жасалғанын мәлімдеген. Бұл ауруды ең заманауи медициналық жабдықтарды қолдану және хирургтің араласуы арқылы ғана емдеуге болатын.

Авторлар Орталық ұжымының, операция жасаған дәрігерлер Ю.Пя мен Д.Бикташеваның еңбегін ерекше атап өткен.

«Орталықта болған бірнеше күн ішінде біз көптеген адамның қуанышты жүзін көрдік. Ұжым бір күнде бірнеше операция жасайды және оның бәрі де сәтті өтуде. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота бойынша тегін емделу қарастырылғаны үшін Сізге тағы да алғыс айтамыз», – делінген хатта.

Соңында Тәжібаевтар отбасы Мемлекет басшысына денсаулық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы еңбегіне мол табыс тілеген.       


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар