National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты келіп түскен хаттар мен жеделхаттар

2015 жылғы 08 желтоқсан

 

Мемлекет басшысының атына келіп түскен, оған  мықты денсаулық, табыс және бақ-береке тілеген құттықтауларда еліміздің қарқынды дамуы жолындағы, оның халықаралық аренадағы беделін нығайту және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор рөлі атап өтілген.

Мысалы, Түрік Республикасы Үкіметінің жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі түрік агенттінің Қазақстандағы өкілі М.Бодур Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз елді қалыптастыруға және дамытуға, маңызды жаһандық бастамаларды ілгерілетуге, сондай-ақ республикамызды өркендетуге қосқан елеулі үлесін атап өткен.

Ресей Федерациясы Орынбор облысының губернаторы Ю.Берг Орынбор өңірі мен Қазақстанды ортақ тарих, ынтымақтастық және берік достық қарым-қатынастар, тату көршілестік байланыстырып отырғанын  айтқан.

«Біз Орынбор облысымен достық және іскерлік байланыстарды нығайтуға күш салып отырғаныңыз үшін Сізге ризамыз», – делінген хатта.

«Қазмырыш» компаниялар тобының мыңдаған адамдық ұжымы өз хатында Қазақстанның бүгінде әлемде беделді және халықаралық қоғамдастыққа танылған егемен ел екенін атап өткен.    

«Біз горновой болып домна пеші жанында тұрған адамның мінезі аса жоғары температуралық режімде сынақтан өтетінін білеміз. Сіздің өміріңіз бен тағдырыңыз солай қалыптасып, жылдар өте келе Қазақстан деп аталатын алып мемлекеттің басшылығына келдіңіз. Халқыңыз мен еліңізді елеулі экономикалық және әлеуметтік жаңғырулар арқылы алып өту де Сіздің еншіңізге тиді», – деп жазады авторлар.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ жұмысшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздік жылдарында экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде Қазақстанның айтарлықтай табыстарға жеткеніне назар аударған. Мемлекет басшысына мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілеген.  

Еуразиялық топ ұжымы өз құттықтауында жекеменшік сектор Елбасының басшылығымен мемлекеттің тең құқылы серіктесіне әрі республика өнеркәсібінің қуатты тірегіне айналғанын айтқан.

«Экономикалық өзгерістердің ең күрделі кезеңдерінде Сіз кәсіпорындарға қол ұшын создыңыз, соның арқасында компанияларымыз аяғына тұрып, мемлекеттік бюджетті толтыратын негізгі қайнар-көз – өндірістік әлеуетті ұлғайта алды. Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуына да Сіз ықпал еттіңіз», – делінген хатта.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызды екенін айтқан. Авторлар сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қолдау білдіріп, оны жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендіктеріне сендірген.  

Сондай-ақ, мемлекеттік мерекемен құттықтаулар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерінен, студенттерінен, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры Т.Нәрікбаев пен Өскемендегі Қазақ-Америка еркін университетінің президенті  Е.Мәмбетқазиевтан келді.

Алматы қаласындағы жалпы білім беретін №70 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Н.Мартемьянова өз оқушыларының Тұңғыш Президент тұлғасына деген қызығушылығы туралы жазған.

«Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай мен екінші сынып оқушыларымен емен-жарқын әрі жылы ахуалда әңгіме өткіздім. Оқушылар Сізге Президент ретінде емес, өмірбаяны өте қызықты, жарқын әрі мазмұнды, елдің барлық тұрғындары үшін үлгі бола алатын қарапайым адам ретінде қызығушылық танытты», – деп жазады автор.

Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығының өкілдері Елбасының өз халқы алдындағы жеке жауапкершілігі бірлік, тұрақтылық, ұлтаралық келісім, орнықты даму сияқты елдің маңызды жетістіктеріне жол ашқанын атап өткен.

«Қазақстан – бүгінде ұлтаралық келісім берік орныққан, қоғам өмірінің барлық саласы жүйелі жақсарып келе жатқан ел», – делінген хатта.

Алматы қаласындағы «Сайлаухан» емдеу-сауықтыру орталығы ұжымының мүшелері елде медицинаның дамуына қолайлы жағдайлар жасалғанына назар аударған.

«Сіздің арқаңызда елімізде денсаулықты қорғау мемлекеттік маңызды басымдылыққа ие, ал медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі отандық денсаулық сақтау моделінің басты стратегиялық міндеті болып саналады», –  деп жазады авторлар.

Ақмола облысының тұрғыны Б.Жанпейісова жас мемлекеттің халқы 1991 жылы дауыс беру барысында маңызды таңдау жасағанын айтқан.

«Бұл сүйікті, қымбатты Отанымыздың қандай Президенті болатыныңызды халқымыз әлі білмейтін кез болатын. Бірақ сізді таңдағанымыз дұрыс болды. Бүгінде біз тіпті балаларымыздың атын Сіздің құрметіңізге қоямыз және мұны мақтанын етеміз», – делінген хатта.

Еңбек ардагері, Астана қаласының тұрғыны Н.Мүшкенова да елімізге деген мақтаныш сезімі мен оның жетістіктері туралы айтады.

«Қазақстанның ТМД-ның біраз мемлекетінен озғанын мақтан тұтамын. Дамыған отыз елдің қатарына қосылатынымызға сенімдімін. Дағдарысты алаңсыз еңсереміз, тіпті бұл дағдарысты біз сезініп те отырған жоқпыз. Бұл ретте Сіздің еңбегіңіз зор», – деп жазады автор.

Елордада тұрып жатқан Рогалевтар отбасы Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерін ерекше атап өткен.  

«Сіздің дана саясатыңыз бен сарқылмас күш-қуатыңыздың арқасында Отанымыздың алып жүрегі бірқалыпты ырғақпен соғып тұр, ел экономикасы қарқынды әрі жүйелі дамып келеді. Бүкіл әлем Сізді өз халқын жасампаздық, достық және келісім жолымен бастап келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  ретінде таниды», – делінген хатта.

Екібастұздан хат жазған М.Өтеубаев Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі, елді индустрияландырудағы, экономикаға инновация енгізудегі, «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асырудағы зор үлесін атап өткен.

«Сіз әлемде биік құрметке, лайықты беделге иесіз. Біздің тұсымызда бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту үшін дәл Сіздей көп іс тындырған мемлекеттік және саяси қайраткер жоқ. Сіздің саясатыңыз Қазақстан халқына әлеуметтік-экономикалық прогресс жолына түбегейлі түсуге мүмкіндік бергенін тарих дәлелдеді», – делінген хатта.

Сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ә.Кұсайынов, Қостанайдан Социалистік Еңбек Ері К.Дөненбаева, Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ө.Озғанбаев, опера әншісі М.Мудряк, ақын А.Мұқибек, академиктер С.Қирабаев пен Ә.Бейсенова, Түркістан қаласынан Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназия мұғалімі С.Гуламов, Алматы тұрғындары К.Есенова, Е.Тегісбаев, О.Дощанова, А.Сариева, С.Люлина және Смағұловтар отбасы, Астана қаласынан Д.Дүйсенбаев, Шымкент қаласынан А.Төретаев, А.Тұрдықұлов және Б.Мәтжан, О.Көшекбаев, Орал қаласынан А.Жалмұратова мен Т.Кұбашев, Семей қаласынан Г.Тұрғанбаев, Е.Оразалин, Павлодар қаласынан Е.Тогтохқызы, Ақтөбе қаласынан Ж.Аяубаева және  Г.Жұмашев құттықтау жолдаған.

Нұрсұлтан Назарбаевты Тұңғыш Президент күнімен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары – Павлодар облысынан Т.Солтанғазы, Өскемен қаласынан А.Қадырбеков, Алматы қаласынан С.Бациев құттықтады.

Сондай-ақ, Алматы қаласынан жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты С.Досанов, Шығыс Қазақстан облысынан З.Сүлейменқызы, Алматы қаласынан Г.Жетаева, Қызылорда қаласынан 4-сынып оқушысы А.Берік өлеңмен құттықтау жолдады.

Келіп жатқан хаттармен танысып шыққан Елбасы авторлардың бәріне құттықтаулары мен тілектері үшін алғыс білдіреді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің