National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президенттің «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауына байланысты ой-пікірлер

2014 жылғы 27 қараша

 

Атап айтқанда, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары, ханзада Зейд әл-Хусейн Мемлекет басшысының Жолдауы қазақстандықтардың бойына ертеңгі күнге деген сенім ұялататынына назар аударған. Ол қоғамда этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы туралы идеяны әмбебап деп санап, оны өзге елдерге де қолдануға болатынын айтады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шет елдерде айтарлықтай резонанс тудырды. Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы күш-жігері мен жетістіктеріне, сондай-ақ әлемдегі ұзаққа созылған саяси және экономикалық тұрақсыздық кезеңінде қабылданған шешімдеріне бірқатар көрнекті саяси қайраткерлер, беделді сарапшылар мен шолушылар, іскер қауым өкілдері жоғары баға берді.

Лаос Президенті Т.Сайнясону Мемлекет басшысы жүргізіп отырған экономикалық саясат пен халықаралық аренадағы Қазақстанның жетістіктерін, сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасын  айрықша атап өтті.

«Қазақстан Президентінің бастамалары – жаһандық жаңа қауіп-қатерлерге дер кезінде берілген жауап, бұл өз кезегінде ел экономикасының тиімді өркендеуіне қызмет ететін болады», – деп түйіндейді Т.Сайнясону.

Өңірдің  дамуында Қазақстанның атқарып отырған маңызды рөліне Ауғанстанның атқарушы билігінің басшысы А.Абдулла тоқталып өткен.

«Мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы, заманауи елорда салудағы табыстарын жоғары бағалаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзіне ерекше құрметімді білдіремін және Қазақстанның дамуы өңірдегі елдер үшін, соның ішінде Ауғанстан үшін де жарқын үлгі болып саналады деп ойлаймын», – дейді А.Абдулла.

Түркияның Энергетика және минералдық ресурстар министрі Т.Йылдыз «Нұрлы жол» бағдарламасын экономикалық дамудың, мемлекеттілікті және Қазақстандағы ұлт бірлігін нығайтудың жаңа бағыты деп атапты.

«Жолдаудың мазмұны елдің қалыптасуы мен әлемдік қоғамдастықта өз орнын алуында маңызды рөл атқарған Қазақстан Көшбасшысының ой ауқымының кеңдігіне тағы да көз жеткізе түседі. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – шағын және орта бизнесті, Қазақстанның индустриялық инфрақұрылымын дамыту. Осыған байланысты бұл үдерістерге түрік капиталының қатысуын жандандыру маңызды бола түседі», – дейді Т.Йылдыз.

Парламент депутаты, «Қазақстан – Грекия» парламенттік Достық тобының төрағасы В.Полидорас әлемдегі қиын экономикалық ахуалға қарамастан қазірдің өзінде экономикалық секіріс платформасына дайындыққа кіріскен Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігіне тоқталады.

ГФР Бундестагының депутаты Г.Цертиктің пікірінше, «Нұрлы жол» жаһандық заманауи экономикалық сын-қатерлерге сай келеді және халықтың әл-ауқатын жан-жақты арттыруға бағытталған. Сондай-ақ ол Ұлттық қор резервтерін ескере келіп, айтылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға әбден болатындығына сенім білдіреді.

Жаңа Жолдаудың мән-маңызына қатысты өз көзқарасын Италия Сенатының Қаржы және қазынашылық жөніндегі комитетінің төрағасы, биліктегі Демократиялық партияның мүшесі М.Марино да білдірген. Ол Жолдаудың идеялық постулаттары негізінде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған, елеп-екшелген қадамдар жатқанына сенімді екенін айтқан.  

Израиль ішкі істер министрінің орынбасары, «Израиль – біздің үйіміз» партиясының Бас хатшысы Ф.Киршенбаум Қазақстандағы дінаралық және ұлтаралық келісімнің сақталуының маңыздылығын атап айтады.

«Инфрақұрылымды, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінен, сөз жоқ, мемлекет пен оның азаматтарының күнделікті тұрмысын ұлы елдің қалай құруы тиіс екендігіне Қазақстан мысал бола алады», – деп түйіндейді Ф.Киршенбаум.

Бразилияның сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Х.Виана Жолдаудың маңызды стратегиялық құжат екенін, онда нақты әрі қолжетімді мақсаттар көрсетілгенін айта келіп, таяу келешекте Қазақстан әлемдік қоғамдастықтағы бәсекеге қабілетті және заманауи мемлекеттің біріне айналатындығына сенім білдіреді.

Бразилия Бас Прокурорының орынбасары Э.Альмейда Жолдауда аталған шаралар тиісті табысқа жеткізіп, Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда қатынастарының бұдан әрі  өрістеуіне септігін тигізеді деген сенім білдіреді.

Анкара губернаторы М.Кылычлар бағдарламада жария етілген, 100-ден астам шетелдік компания қатысуға ниет білдірген инфрақұрылымдық дамудың маңыздылығына назар аударыпты.

«Бұл түрік бизнес-құрылымдары үшін де қызықты болмақ. Астанада «Анкара» саябағы ашылып, Ататүрікке ескерткіш қойылды, ал Анкарада Қазақстан даңғылы бар, Қазақстанның Тұңғыш президентінің монументі тұр. Бұл екі халықтың достық және бауырластық қарым-қатынасының көрсеткіші болып саналады», – деген пікір білдірген М.Кылычлар.

«Евразия» (Болгария) геосаяси орталығының төрағасы, Елші П.Ганчев Қазақстанның алдағы кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік саясатына енгізілген өзгеріс жаһандық экономикалық және геосаяси жағдайды кешенді талдау негізінде жүзеге асырылып отыр деп санайды. Елші инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытып, халықтың әлеуметтік-экономикалық көңіл-күйін жақсартудың дер кезінде қолға алынғандығын назардан тыс қалдырмаған.

***

Еуразиялық кеңестің халықаралық қатынастар жөніндегі консультативтік кеңесінің төрағасы, Австрияның бұрынғы сыртқы істер министрі және ЕО-ның сыртқы байланыстар қызметінің бұрынғы басшысы Б.Ферреро-Вальднер  Қазақстан тәуелсіздік жылдарында тамсандырарлық табыстарға жеткенін және қазіргі кезде өсудің жаңа траекториясына шыққанын атап өткен.

Польша Республикасының экс-президенті А.Квасьневский Қазақстанның өңірлік қана емес, жаһандық деңгейдегі ірі әрі маңызды ойыншыға айналғанын айтады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігіне және Қазақстан халқының табандылығы мен мақсаткерлігіне жоғары баға берген Эстонияның экс-президенті А.Рюйтель стратегиялық құжатта белгіленген биік мақсаттар мен міндеттердің барлығына қол жеткізілетіндігіне сенім артады.

Бельгиялық энергетикалық хартияның Бас хатшысы У.Руснак Қазақстан жаһандық сын-қатерлер мен оқиғаларға үн қатуға тиістігіне, ал Президенттің Қазақстан халқына кезекті Жолдауы дер кезінде жарияланғанына баса мән берген.

Италияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ф.Фраттини Орталық Азиядағы ядролық қаруды таратпау мәселесінде, жан-жақты диалогты ілгерілетуде Қазақстан аса маңызды рөл атқарады деп есептейді.  Сол себепті де ЕО-ның біздің елмен барынша тиімді байланыс орнатқаны өте маңызды екенін айтады.

«Нұрсұлтан Назарбаев өз елінің ғана емес, бүкіл өңірдің тұрақты және орнықты дамуын қамтамасыз етуге ерен үлес қосуда. Бұл орайда, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту экономикамен қатар адами байланыстарды дамыту тұрғысынан да зор мәнге ие», – дейді Ф.Фраттини.

***

Шетелдік сарапшылар мен шолушылар Жолдаудың мазмұны Қазақстан жұртшылығының көңіл-күйін және оның заманауи сын-қатерлерді еңсеруге деген дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді деп есептейді.

Ресейлік экономист М.Хазин Қазақстанның табыстарына қысқаша шолу жасай отырып, экономикаларының құрылымы ұқсас бола тұра Ресейде осымен екі жыл қатарынан экономикалық құлдырау байқалып отырғанын өкінішпен атап өткен. «Қазақстан планетаның алдында болып шықты, өйткені ол өзін индустрияландыруды 5 жыл бұрын бастады», – деп жазады М.Хазин.

Қытай халықаралық зерттеулер институтының ШЫҰ, Еуропа және Орталық Азияны зерттеу орталығы директорының орынбасары Ли Цзыго Жолдаудың лейтмотиві дағдарысқа қарсы жаңа жоспар болып отыр деп санайды. Оның мақсаты – проблемаларды Ұлттық қордың қаражаты есебінен еңсеріп қана қоймай, экономиканың шикізаттық бағдарын түбегейлі жою үшін құрылымдық реформа жүргізу.

«Еуразиялық құрлықтың ортасында орналасқан Қазақстан трансқұрлықтық тасымал басымдығына ие, сонымен қатар елеулі кемшілігі де бар: теңізге шығар жолы жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған жоспар Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Маған Президент «дағдарыс» сөзін қытай тілінде жақсы түсінетін сияқты көрінеді. Ол ылғи астасып жүретін екі сөзден тұрады: қатер және мүмкіндік. Ақиқатында, тек өте кемеңгер адам ғана дағдарыстық құбылыстан жаңа мүмкіндіктерді көре алады», – деп жазады  Л.Цзыго.

Армения Президенті жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі – Аз ұлттар мәселесі жөніндегі комиссияның төрағасы С.Зорян Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы экономикалық сілкіністер бірінші кезекте посткеңестік кеңістіктегі елдерге тиеді деген тезисімен толық келісетінін айтады. Бұл ретте ол Мемлекет басшысының сын-қатерлер алдында Қазақстан халқының бірігуі маңызды деген пікіріне ерекше мән береді.

Профессор, Варнен еркін университетінің экономика ғылымдарының докторы (Болгария) Н.Дюлгерова әлем ауқымы мен сипаты болжамдар шегінен әлдеқашан шығып кеткен көптеген сын-қатерлердің алдында тұр деп санайды.   

«Мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік табысының ұтымды рецептін бірінші болып өте тез жасай білгендердің бірі – Қазақстан Президенті», – деп жазады Н.Дюлгерова.

  «Біртұтас Планета» (Бразилия) медиахолдингінің президенті У. де Ресенде мемлекеттің орнықты өсуі мен өркендеуі үшін нақты басшылық қағидаттар қажет екендігіне және бұған Қазақстан Президенті қол жеткізіп отырғанына сенімді екенін айтады.

«Біз шағын және орта кәсіпорындарды ынталандырудан бастап, энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға дейінгі барлық аспектілерді қамтитын әлеуметтік-экономикалық стратегияның табыстылығына сенімдіміз. Жолдауда айналадағы ортаға, әркім де сапалы білім мен ілгерілеуге қол жеткізе алатын инклюзивті және әділ қоғамға айрықша көңіл бөлінген», – дейді У. де Ресенде.

***

Әлеуметтік нысандар мен базалық инфрақұрылымдардың құрылысына ауқымды инвестициялар салу жоспары іскер топтардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы А. аз-Замиль әлемдік экономиканың қазіргідей жағдайында «Нұрлы жолды» дер кезінде жасалған құжат, сондықтан Жолдау Сауд бизнесінің Қазақстан экономикасының қарқынды трансфорациясына қатысуы тұрғысынан қызығушылық туғызады деп есептейді.

 «John Deere» (АҚШ) компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі директоры  Б.Диас-Феррейра ауыл шаруашылығы еліміздің экономикалық дамуының маңызды бағыты болып қала беретініне зор қанағаттанушылық білдіреді.

««John Deere» компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастық мәселесін шынайы қарастырады және біздің компаниямыз АӨК дамытуға өз үлесін қоса алатынына нық сенімді», – деді бизнесмен.

Немістің Pappenburg International құрылыс компаниясының басқарушы директоры К.Вальтер Қазақстан Президентінің бағдарламасы өзге көптеген елдерге үлгі бола алатынына сенімді.

«Паппенбург компаниясы көптеген жылдар бойы Қазақстанның серіктесі болып келеді. Біз Қазақстандағы түрлі жобаларға өз үлесімізді қосқанымызды мақтан тұтамыз. Әсіресе Астана-Бурабай автобанының жүз шақырымдық бөлігін атап айтқым келеді», – деді К.Вальтер.

Дрездендегі ҚР құрметті консулы – немістің Chemieanlagenbau Chemnitz химиялық компаниясының басшысы Й.Энгельман Қазақстан Президентінің саяси көрегендігіне назар аударады.

«Шикізатты сату елдің экономикалық игілігінің басты көзі болмауға тиіс. Өз өнеркәсібін құру арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады, қызметкерлердің техникалық білім деңгейі өседі, мемлекеттің табысы ұлғаяды», – дейді Й.Энгельман.

 «T.Thomson & Associates, LLC» (АҚШ) компаниясының серіктесі Т.Томсон «Қазақстан экономикалық дамудың дұрыс жолында келеді, енді экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ететін индустрия салаларын белсене дамытқан жөн» деп пайымдайды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің