National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында болып, оның әлемдік премьерасын тамашалады

2013 жылғы 21 қазан

 

«Аттила» операсының қойылымы тек қазақстандық емес, халықаралық опера өнеріндегі маңызды оқиға ретінде театрдың әлемдік премьерасын паш етті.

Қойылымға әлемдік деңгейдегі өнер жұлдыздары атсалысты. Оның музыкалық жетекшісі және дирижері – Валерий Гергиев, қоюшы-режиссері  – Пьер Луиджи Пицци.

Аттила партиясын орындаушы – Ильдар Абдразақов (Ресей), Одабелланы орындаған – Анна Маркарова (Ресей), Эцио мен Форестоны орындаушылар – Клаудио Сгура мен Лучано Ганчи (Италия).

«Астана Опера» ауқымдылығы жөнінен әлемде үшінші опера театры болып саналады, оны Италия, Германия, Швейцария, Чехия шеберлері салған. Соңғы техника жетістіктері қолданылып салынған ғимарат өз сахнасында кез келген күрделі спектакль қойылымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің