National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты

2018 жылғы 05 қазан

Жиынға Парламент депутаттары, білім және ғылым министрлігінің, дипломатиялық миссиялардың, Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, еліміздің жетекші университеттерінің ректорлары, отандық белгілі ғалымдар, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері, сондай-ақ 200-ден астам шетелдік қонақтар қатысты.

Мемлекеттік хатшы салтанатты жиналысқа қатысушыларға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Онда: «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – отандық жоғары білім беру жүйесінің қара шаңырағы. Университет бүгінде тарихы 1928 жылы еліміздегі жалғыз педагогикалық факультеттің ашылуынан бастау алатын жетекші оқу орнына айналып отыр. Оның қалыптасуына белгілі ұлт қайраткерлері – Ахмет Байтұрсынов, Темірбек Жүргенов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин және басқа да көптеген көрнекті тұлғалар зор үлес қосты. Университетте Қазақстанның қарышты дамуына қажетті мамандар даярлайтын 14 академик, 155 ғылым докторы және 380 ғылым кандидаты сабақ береді» деп атап өтілген.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ірі ғылым, білім орталығы әрі еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары арасында көпшілік мойындаған көшбасшы болып саналады. Бұл университет 2018 жылы Еуропа мен Орталық Азияның 30 елінің  үздік 200 университетінің ішінде 86-орынды иеленді. Бүгінде оқу орны әлемнің 25 мемлекетінің 130 университетімен ғылыми және академиялық байланыс орнатқан.

Салтанатты іс-шара соңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің