National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі арнаулы сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

2017 жылғы 10 қыркүйек

Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың Қазақстан туралы айтқан жылы лебіздері үшін алғыс білдіріп, ғылым мен технологияларды дамыту жолындағы ынтымақтастықты нығайтудың өзекті екенін атап өтті.

Бірінші жұмыс сессиясының соңында саммиттің қорытынды құжаты – Астана декларациясына қол қойылды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысымен бірге ислам елдерінің аса көрнекті ғалымдарын ғылым мен технологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін арнаулы сыйлықпен марапаттады.

Соңында Қазақстан Президенті сессияға қатысушыларды халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің жабылу рәсіміне шақырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің