National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Атлеттер қалашығында болды

2016 жылғы 18 қыркүйек

Нұрсұлтан Назарбаев спорт ғимаратын аралап көріп, қысқы универсиаданың ресми белгісімен танысты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы университеттік спорттың халықаралық федерациясы өкілдерімен әңгімелесіп, федерацияның тікелей қолдауымен Дүниежүзілік қысқы универсиаданы Қазақстанның табысты өткізетініне сенім білдірді. Федерация өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы универсиада аясындағы барлық іс-шаралардың тиімді өтуіне қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Президентіне универсиада өткеннен кейін нысандардың қалай қолданылатыны туралы айтылды. Олар спорт мектептерінің, кәсіби және әуесқой командалардың жаттығуларын ұйымдастыру орталықтары ретінде пайдаланылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығымен» танысты. Онда Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік музей, Алматы қаласының тарих музейі, сондай-ақ мемлекеттік мұрағаттар қорларынан алынған қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлері қолданған бірегей аспаптар көрермендер назарына ұсынылған. Нұрсұлтан Назарбаев орталыққа өзінің жеке домбырасы мен әйгілі күйші Дина Нұрпейісоваға арналған «Дала әуендері» атты мүсінді тарту етті.

***

5 мың адам сиятын Атлеттер қалашығы спортшылар мен делегация мүшелеріне арналған. 1 748 пәтерге лайықталған кешеннің тұрғын жайының жалпы алаңы – 125 мың шаршы метр.

Ғимараттың басты әкімшілік корпусында аккредиттеу аймағы, спорттық-ақпараттық, басты ақпараттық және мультимедиялық орталықтар, сондай-ақ волонтерлер бөлмесі, асхана бар.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің