Жаңалықтар

27 қазан 2015
Елбасы Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге Назарбаев Университетіне барды

 

Қазақстан Президенті мен Жапония Премьер-министрі оқу корпустарын аралап көрді және университетті дамыту перспективаларымен танысты.

С.Абэ Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, университет оқытушылары мен студенттері алдында дәріс оқыды. Ол өз сөзінде Қазақстан өнеркәсібін жаңғырту үдерісінде кадр даярлаудың маңыздылығын және бұл іске Жапония белсене атсалысуға әзір екенін айтты.

 – Біз сіздің елдің өнеркәсібі үшін жоғары білікті мамандар даярлау ісіне алдағы уақытта да қолдау көрсетуге ниеттіміз, – деді Синдзо Абэ.

Дәріс соңында Жапония  Премьер-министріне Назарбаев Университетінің құрметті докторы атағы берілді.   


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу