National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды

2015 жылғы 04 желтоқсан

 

Нысанда болу барысында Мемлекет басшысына елорда құрылысын жалғастыру және дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Қазақстан Президентіне Астананың маңызды коммерциялық, мәдени-сауық нысандары мен тұрғын үйлер құрылысының барысы, инфрақұрылымды жаңғырту және көлік саласындағы міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары туралы айтылды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы архитектуралық-көркемдік ұйымдастыру жұмыстарымен және қала құрылысына қатысты шешімдермен танысты.

Бұдан бөлек, елорда әкімі Ә.Жақсыбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Астана белгісі» архитектуралық мүсіндік композициясының үздік эскиз-идеясына жарияланған республикалық конкурс жобаларын таныстырды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің