National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында жаңа Өңірлік кардиохирургиялық орталықта болды

2012 жылғы 18 қыркүйек

Медициналық орталықты аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаев оның қызметкерлерін және облыс тұрғындарын жаңа медициналық кешеннің ашылуымен құттықтады.

- Кардиологиялық орталықтың ашылуы – облыс тұрғындары үшін үлкен сыйлық. Мемлекет медицинаны дамытуға айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Өздеріңіз де білесіздер, Астанада медициналық кластер құрылды және өңірлерде жаңа медициналық орталықтардың құрылысын салу жалғасын табуда. Отандық дәрігерлердің біліктілігін арттыруды жалғастыру қажет. Бүгінде бізде күллі еліміз бойынша жұмыс істейтін медициналық пойыздар, жылжымалы амбулаториялық клиникалар бар. Санитарлық авиация бар. Осының бәрі біздің азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін жасалуда, - деді Мемлекет басшысы.     

Кездесудің қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Мемлекет басшысына «Саламатты Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысы, сондай-ақ Қазақстанда кардиологиялық қызметті дамыту және медицина мамандарын даярлау жүйесі туралы баяндады.

Өңірлік кардиохирургиялық орталық ең заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Орталықтың құрылымында - хирургия, оңалту, интервенциялық кардиология, аритмология және электрофизиология бөлімдері бар. Ауысымына 50 адамға арналған консультативтік-емхана бөлімі бар. Орталықтың басты ерекшелігі - балалардың жүрегіне операция жасау мүмкіндігі болып табылады. Бұрын ондай операциялар Астана және Алматы қалаларында жасалатын.

Кардиохирургиялық орталық Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының екі миллионнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады. Жаңа медициналық орталықтың ашылуымен 600-ден астам жұмыс орнымен қамтылып отыр.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің