National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Сарыағаш ауданындағы «Био Семена» ЖШС-да болды

2014 жылғы 15 мамыр

 

Сапар барысында Мемлекет басшысына өңірдегі ауыл шаруашылығының ахуалы мен оны дамыту перспективалары жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев көкөністер тұқымын және көшені безендіруге арналған ағаш көшеттерін өсіру жұмысымен танысты.

Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен және Сарыағаш ауданының жұртшылығы өкілдерімен әңгімелесті.

«Био Семена» ЖШС бағы егістігінің жалпы көлемі 60 гектар, оның 27 гектарын көше безендіруге арналған ағаштар алып жатыр,  33 гектары тұқымдық егістікке тиесілі. Бүгінге дейін кәсіпорын 250 жұмыс орнын ашқан.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің