National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы «Жан-Арай» ЖШС-ның агроиндустриялық кешенінде болды

2015 жылғы 19 қазан

 

Елбасына мұнда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыста мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен «Ауыл шаруашылығы кешені – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндалды.  

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев облыс кәсіпкерлерімен әңгімелесті.

Одан соң Елбасы күріш өңдейтін зауыттың ғимаратын аралап көріп, кешеннің өндірістік жұмысымен танысты.

Кәсіпорын негізінен күріш жармасын, түйіршіктелген құрама жем өндірумен, халықаралық стандарттар бойынша күрішті ақтаумен айналысады. Соған орай, агроиндустриялық кешен күріш ақтау зауытынан және құрама жем өндіру зауытынан тұрады. Зауыттардың жобалық қуаты тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіруге және тәулігіне 150 тонна күріш ақтауға лайықталған. 

Сонымен қатар, тәулігіне 200 тонна ұн тартуға арналған зауыттың өндірістік ғимараттары, макарон цехы, дайын өнімді қалталау цехы, 14 қойма орынжайы, әкімшілік ғимарат және зертхана құрылысы жүріп жатыр.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің