Жаңалықтар

14 желтоқсан 2005
Ауғанстан Президенті Хамид Карзай мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон шалып, президент сайлауындағы жарқын жеңісімен құттықтады.
151.jpg

Телефон арқылы сөйлесу барысында Х.Карзай Нұрсұлтан Назарбаевтың тұтастай өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудағы үлкен рөлін атап өтті. Ауғанстан басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дами беретініне үміт білдірді.  
Мемлекет басшысы Х.Карзайға алғыс білдіріп, Қазақстан Ауғаныстанның табысты дамуына және екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына мүдделі екенін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар