Жаңалықтар

8 желтоқсан 2010
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федералдық Жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновты қабылдады.
01.jpg08

Әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелесу барысында біздің елдеріміз арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелері бойынша пікір алмастық. Біз сондай-ақ ТМД аумағындағы бірыңғай экономикалық кеңістікті құру мәселесін талқыладық. Нұрсұлтан Әбішұлы Астанадағы ЕҚЫҰ-ның саммиті кезінде Қазақстан тарапынан атқарылған жұмыстар туралы айтты. Сіздердің елдің күш-жігерінің арқасында өткен саммит Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын жаңа өмірге бастады. Мен Президентті жоғары деңгейдегі осы кездесудің табысты өтуімен құттықтадым. Сонымен қатар, мен Нұрсұлтан Назарбаевпен шын мәнінде өзінің архитектуралық әсемдігімен сүйсінтетін елорда - Астана туралы өз әсерімді бөлістім, - деп атап өтті С.Миронов.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар