Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 қыркүйек 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады.

А. Дауылбаев Президентті елдегі заңдылықтың жай-күйі мен құқық тәртібі туралы хабардар етті, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы жайлы баяндады. Талқылау кезінде түзету мекемелеріндегі заңдылықтың жай-күйі туралы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы, азаматтардың еңбек құқығын қорғау жөніндегі мәселелер көтерілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мемлекет пен қоғам мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі нығайту және заң шығару қызметін жетілдіру туралы нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар