National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Республикасына ресми сапары аясында Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті

2012 жылғы 22 қазан

 

Кездесу тақырыбы «Әлемдік экономикалық дағдарыс қарсаңындағы Еуропадағы экономикалық ахуал және Еуропалық Одақ үшін оның салдарлары» болды.

Әңгімелесу барысында Еуразиялық одақ пен Кеден одағын дамытудың келешегін, Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығын қамтитын  кең ауқымды мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда, Қазақстанның энергетикалық әлеуетін ұтымды пайдалануда еуропалық елдердің озық тәжірибесін енгізу мүмкіндіктеріне назар аударды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында индустриялық-инновациялық ынтымақтастықты жандандырудың келешегі мен нақты тетіктерін, сондай-ақ, Қазақстанның еуропалық және халықаралық құрылымдармен өзара ықпалдастықтың мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті кеңес мүшелерімен бүгінгі кездесудің биылғы төртінші жүздесу екенін атап өтті.

- Қазір бізді Еуропалық одақтағы жағдай қызықтырып отыр. Сарапшылар Еуропалық одақтағы дезинтеграция және Баррозудың Еуропалық елдер федерациясын құру, қаржы жүйелерін біріктіру туралы ұсынысы жөнінде айтып жатыр. Бізді бұл процестердің Қазақстанға қалай әсер ететіні қызықтырады.  Біз қазір Еуропалық одақпен арадағы ынтымақтастық және әріптестік туралы жаңа келісіммен жұмыс жасап жатырмыз. Бүгін Австрия Президентімен, Канцлермен, сонымен қатар, Парламентте жақсы кездесулер өтті. Ертең бизнес-форум болады. Елдеріміз инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімшартты ратификациялады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеңес мүшелері Қазақстан Президентіне бұл кездесуге жасалған мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді және соңғы жылдары Қазақстан Үкіметімен бірқатар маңызды мәселелер бойынша жұмыс жүргізіп келе жатқандарын атап өтті. Атап айтқанда, олар – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі, Қазақстан экономикасындағы жаңа үрдістер және халықаралық тақырыптар аясындағы кең ауқымды мәселелер.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Халықаралық консультативтік кеңес (ХКК) 2010 жылы құрылды. Кеңестің құрылуына Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы негізгі себеп болды.

ХКК-ның мақсаты – еуропалық елдер тәжірибесі негізінде ішкі және сыртқы саяси мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне практикалық ұсынымдар беру және қолдау көрсету, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайту мен елдің мүдделерін ілгері жылжыту.

ХХК құрамына Еуропадағы белгілі саяси қайраткерлер кіреді, олардың қатарында Австрияның бұрынғы Федералды Канцлері Альфред Гузенбауэр (ХКК төрағасы), Польшаның бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, Еуропалық комиссияның бұрынғы Төрағасы және Италия Премьер-Министрі Романо Проди және т.б. бар.           


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің