Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 қыркүйек 2015
Мемлекет басшысы Cisco Systems компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джон Чемберспен кездесті
АҚШ, Нью-Йорк қаласы

 

Кездесу барысында трансұлттық компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бұл ретте инновациялар және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударылды. 
Қазақстан Президенті Cisco Systems компаниясымен ықпалдастық аясын кеңейтудің маңыздылығын, ол жұмысшыларының саны 70 мыңнан асатын ірі компания екенін атап өтті.
Д.Чемберс компания шешімдері "ақылды қалалар" құру ісінде, білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы түрлі үдерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін екенін айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар