Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 қараша 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Испания қоғамдық ұйымдары басшыларынан Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінде жазасын өтеген испан тұтқындары туралы архивтік материалдарды тапсырғаны үшін зор алғыс айтылған хат келіп түсті

 

Бұл материалдар Испания Үкіметінің төрағасы М.Рахойдың Астанаға ресми сапары кезінде табыс етілген еді.

«Сіз бұрынғы КСРО республикалары арасынан біздің елдің сонау қасіретті жылдардағы тарихи естелігін қалпына келтіруде ізгілік танытқан және көмек көрсеткен алғашқы және әзірше бірден-бір Мемлекет басшысы болып саналасыз. Біз Сізге терең ықыласымыз бен ризашылығымызды білдіреміз», – делінген «AGE» қорының (Испанияның соғыс және эмиграция мұрағаттары) Бас хатшысы Д.Кабра, «Ностальгия» қорының президенті М.Арсе және т.б. жолдаған хатта.

Сондай-ақ, хат авторлары өз туған-туысқандары және Испанияның зерттеуші ғалымдары үшін баға жетпес құнды құжаттар болып саналатын материалдардың ерекше маңызды екенін атап өткен.

Бұл оқиға испандық БАҚ-тардың және ел жұртшылығының ерекше назарын аударды.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар