Жаңалықтар

14 желтоқсан 2005
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына мемлекет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түсіп жатқан құттықтау жеделхаттары жалғасуда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сингапур Республикасының Президенті Селлапан Рам Натаннан құттықтау жеделхаты келіп түсті.

«Сингапур халқының атынан Сізді Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануыңызбен шынайы сезіммен құттықтаймын. Мен Сіздің Қазақстанды жарқын болашаққа бастап, таяу жылдары үлкен биіктерге тағы да табыспен қол жеткізетініңізге күмән туғызбаймын.  
Біздің мемлекеттерімізді тек достық қарым-қатынас қана байланыстырмайды. Біздің жас елдерімізді көптеген ортақ мүдделер біріктіреді. Біздің екі халықтарымыздың ортақ игілігі үшін Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта беру мақсатында Сізбен бірлесе жұмыс істей беруді жалғастыра береміз деген үміттемін»,- делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына АҚШ Конгресінің мүшесі Дэррел Айсстен құттықтау жеделхаты келіп түсті.  
«Мен Қазақстанның демократия мен заңның тұғырлылығына деген айнымас ұстанымын  паш ете отырып, Сіздерде гүлденген және қауіпсіз Қазақстанның негізіне айналатын болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыруға мүмкіндік бар екеніне кәміл сенімдімін»,- деп атап көрсетіледі жеделхатта.

 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сингапур Премьер-миинстрі Ли Сянь Луннан құттықтау жеделхаты келіп түсті.  
«Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануыңызға арналған менің Сингапур Үкіметінің атынан жолдаған жылы ниетті құттықтауым мен ақ тілегімді қабыл алуыңызды сұраймын. Біздің елдеріміз арасындағы байланыстар соңғы бірнеше жыл ішінде едәуір нығайды. Мен өзара тиімділік пен гүлдену жолында біздің екі елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың одан әрі тереңдей түсетініне үміт білдіремін»,-делінген жеделхатта.

 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына АҚШ Конгресінің мүшелері Эда Таунс, Бенни Томпсон, Шейл Джексон Лии и Альберт Рассел Уайннан құттықтау жеделхаты келіп түсті.  
«Өзінің тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бері Қазақстанның экономикалық және демократиялық ілгерілеу жолында соншалықты алға басқанына біз таңқалудамыз.  
Қазақстан өз жетістіктерімен мақтануға тиіс. Сіздің еліңіз өңірлік державаға айналды және де өркен жайған демократияға негізделген қуатты экономиканың үлгісі болып табылады.  
Сіз сайлауда жеңіп қана қойған жоқсыз – Сіз Өзіңіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында халықтың ризашылығына бөленіп, олардың жарқын болашаққа деген үміттерін нығайттыңыз», делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресейдің бас қару-жарақ конструкторы Михаил Тимофеевич Калашниковтен құттықтау жеделхаты келіп түсті.  
«Сіздің президент сайлауындағы шүбәсіз жеңісіңіз таңданыс туғызады және бауырлас Қазақстан халқының гүлдену мен ілгерілеу жолында одан әрі де сеніммен алға баса беруіне кепілдік береді. Мен Сізді егемен Қазақстанды экономикалық, әлеуметтік және саяси дамудың шынайы үлгісіне айналдыра алған стратегиялық көрегендік қасиетіне ие көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткер ретінде білемін»,-делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар