Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

26 желтоқсан 2005
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдар мен саяси және қоғам қайраткерлерінен сайлаудағы жеңісіне арнаған құттықтаулар легі жалғасуда.

Мемлекет басшысының атына Марокко Королі Мұхаммед VI-ден хат келіп түсті.

- Қазақстанның гүлденуі мен халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Өзіңіздің жоғары миссияңызда Сізге табыстар тілеймін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Аса мәртебелім, Сізбен бірлесе отырып біздің халықтарымыз арасында достас мұсылмандық байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайтуға бар күш-жігерімді салатыныма сендіремін,-делінген құттықтауда.

 
Қазақстан басшысының атына Еуропалық Парламенттің төрағасы Хосеп Боррель Фонтеллестен сайлаудағы жеңісіне арналған құттықтау келіп түсті.  
- Сіздің қайта сайлануыңыз еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңнен бергі елеулі тарихи сәт болып табылады, сондай-ақ барша Орталық Азия өңірі үшін маңызды оқиға болып табылады. Еуропалық Парламент Сіздің еліңіздегі демократиялық үдерістерге салып жатқан күш-жігерлеріңізді толықтай қолдайтынын мен атап көрсеткім келеді , - деп атап өтіледі хатта. Құттықтауының соңында Хосеп Боррель Фонтеллес Қазақстан мен Еуропалық Парламент арасындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне үміт білдіріп, өзінің шынайы тілектестігін білдірді.

 
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Бразилия Президенті Луис Инасио Лула де Силвадан құттықтау жолдау хаты келіп түсті.  
- Аса Мәртебелім, Сізді қайта сайлануыңызбен құттықтаймын және Қазақстан қоғамын Сіздің басшылығыңызбен соңғы жылдары қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық табыстарды жалғастыра беруін тілеймін. Сонымен қатар Қазақстан мен Бразилия арасындағы қарым-қатынастар біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық әлеуетін толықтай іске асырылуы үшін дами беретініне сенім білдіремін, - делінген Бразилия Президентінің жолдау хатында.

 
Қазақстан басшысын сайлаудағы жеңісімен Чехия Республикасы Парламенті депутаттарының атынан вице-спикер Войтех Филипп құттықтады.  
- Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен экономикалық өркендеу сатысында орасан зор қадамдар жасап, қоғамды демократияландыру жолында айтулы нәтижелерге қол жеткізуі біздер үшін қуанышты екенін атап өткіміз келеді. Біз Қазақстанды құлшыныспен алға басып келе жатқан жас мемлекет – Орталық Азия өңірінің шүбәсіз көшбасшысы ретінде қабылдайтынымызды атап өткіміз келеді және Сіздермен барлық салалар бойынша ең жоғары деңгейдегі іс-әрекеттер бойынша ынтымақтасуға әзірміз, - делінген құттықтауда.

 
Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен Үндістанның Ұлттық консультативтік кеңесінің төрағасы Соня Ганди құттықтады.

- Сіздің Қазақстан халқына деген қадір-құрметіңіз бен адалдығыңыз Сізге жауапты әрі маңызды міндеттерді орындауға бағыттай бермек. Мен Сізге Қазақстан халқына қызмет ету жолында өз мақсаттарыңызға қол жеткізуге барша табыстар тілеймін, - деп атап өтіледі құттықтауда.

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сеул мэрі Ли Миянг Бакадан құттықтау келіп түсті.  
- Сізге ең шынайы құттықтауларымызды жеткізу үшін Сеул азаматтары менімен бірге тілектестік білдіреді. Сіздің Кореяға жасаған сапарыңыз және 2004 жылдың қарашасында қос бас қалаларымыз - Астана мен Сеул  арасында орныққан туысқандық байланыстар біздің қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайтудың нық негізі ретінде бекігендігін атап өті мен үшін қуанышты. Сіздің дана басшылығыңызбен Қазақстан халқы болашақта орасан табыстарға қол жеткізетініне сенімдімін, - делінген құттықтауда.  
   
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Біріккен Араб Әмірлігінен шейх Хамед Бин Заед Бин Султан Альнехаяннан құттықтау келіп түсті.  
- Сіздің президенттік сайлаудағы жеңісіңізді естуім шынай қуаныш сезімін тудырды. Айқын басымдылықтағы жеңісіңіз біздің бауырлас халықтарымыз арасындағы достықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік туғызатынына сенімдімін, - деп атап өтіледі жолдау хатта.

 

Мемлекет басшысының атына Ресей Федерациясындағы ғылым, мәдениет қайраткерлерінен жолданған құттықтаулар жалғасуда.  
- Сайлау қорытындылары Сізді Қазақстан халқының басшысы ретінде жалпыхалықтың қолдайтынын айғақтайды. Сіздің бірегей басшылығыңызбен Қазақстан жарқын жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізді. Мәскеу университетінің ұжымы Сіздің біздің университетке көрсетіп отырған көңіліңізге ризашылық білдіреді. Біз мұны ұдайы сезінеміз және жоғары бағалаймыз. Біз Сіз жүзеге асырып келе жатқан керемет бастамалар мен қадамдарыңызға алдағы уақытта да қолдау көрсете бермекпіз, - делінген Ломоносов атындағы ММУ ректоры, РҒА академигі Виктор Садовничидің  құттықтауында.

 

- Сіздің халқыңыздың бірауыздан өз еркін білдіруі адамдардың өз Президентіне деген шынайы құрметін айғақтайды. Біз бауырлас Қазақстан азаматтарының осы құрметі мен сүйіспеншілігін толықтай бөлісеміз және де біздің академияның қабырғасында қалыптасқан кәсіби бауырластықтың арқауы да бізді байланыстыратынын мақтаныш тұтамыз, - деп жазады РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясының ректоры В.Егоров.  

 

Мемлекет басшысын сондай-ақ сайлаудағы жеңісімен Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталық ұжымының атынан бірлестіктің бас директоры В.Нестеров және Ресей Ислам мәдени орталығының президенті А.Ниязов құттықтады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар