Жаңалықтар

14 желтоқсан 2005
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлерінен түсіп жатқан құттықтаулар легі жалғасуда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Латвия Республикасының Президенті Вайра Вике-Фрейбергтен құттықтау жеделхаты келіп түсті.

 

"Мен Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануыңызға орай өзімнің шынайы құттықтауымды жолдағым келеді. Соңғы 15 жыл біздің ұлтымыз үшін түбегейлі өзгерістер мен орасан күш-жігер салынған және елеулі табыстарға қол жеткізген кезең болды. Латвия Қазақ халқының адам құқы мен ой еркіндігін құрметтеу, заңның биік тұғырының басты құндылықтарына негізделген осы заманғы азаматтық қоғам құрудағы ауызбірлік пен ынта-жігерге толы ұлы ісін құптайды.

 

Латвия Сіздің ұлттық мемлекеттікті топтастыру, Қазақстанның қарышты дамыту, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты алға бастырудағы жеке үлесіңізді жоғары бағалайды. Біз терең демократиялық реформаларды жалғастыра беру Қазақстанның саяси және экономикалық құрылымдарға толықтай ықпалдасуына қосымша серпін беретініне сенімдіміз. Соңғы 15 жыл ішінде Латвия мен Қазақстан ортақ тарихи тәжірибе мен өзара мүдделестікке негізделген тұрақты әрі жемісті қарым-қатынас орнықтырғаны маған қанағат сезімін тудырады. Мен осы үрдістің сабақтастығын тағатсыздықпен күтемін. Осыған орай мен өзіңізге оңтайлы уақытта Латвияға келіп кетуіңіз жөніндегі өз шақыруымды тағы да қайталағым келеді»,-делінген жеделхатта.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпаровичтен құттықтау жеделхаты келіп түсті.

 

«Словакия республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастық одан әрі де біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі мен пайдасы жолында жалғасы берсін деген шынайы тілегімді білдіремін»,-делінген жеделхатта.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына НАТО Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Пьер Леллуштен құттықтау жеделхаты келіп түсті.

«НАТО Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы ретінде Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта қайта сайлануыңызға орай ыстық ықыласқа толы құттықтауымды білдіруге рұхсат етіңіз. Алдағы 7 жылда Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның келісім, бейбітшілік және өркендеу жағдайында жаңа табыстарға қол жеткізуін тілеймін.

Сізге 2006 жылғы мамыр айында өтетін НАТО Ассамблеясының жалпы отырысында сөз сөйлеу үшін жолдаған өз шақыруымды тағы қайталағым келеді»,-деп атап көрсетіледі жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар