Тараптар саммиттің күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Кездесу барысында Еуропалық Комиссияның Президенті Жозе Мануэль Баррозу Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтады. Ол Қазақстан ЕО-тың Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі болып табылатынын атап өтті және ЕҚ пен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың өзекті қорытындысы мен стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне тоқталды.