Жаңалықтар

1 желтоқсан 2005
Мемлекет басшысы Астананың жаңа сауда және ойын-сауық орталығы ғимаратының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
52.jpg

- Тағы бір тамаша жоба – бірегей ойын-сауық кешен біздің астанамызды сәулеттендіре түседі. Мұнда астана тұрғындары мен қонақтары өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалана алады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Орталық құрылысын 2007 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланып отыр. Биіктігі 200 метр сауда және ойын-сауық кешені Қазақстандағы ең биік ғимарат болмақ.  Жобалық құны 140 миллион долларды құрайтын орталық құрылысын қазақстандық, ресейлік және түрік компаниялары жүзеге асырады.

 
Кешеннің сәулетік жобасын Астанадағы Бейбітшілік және Келісім ордасын жобалаған әлемге әйгілі британдық сәулетші Лорд Норман Фостер жасаған.

 
Сауда және ойын-сауық орталығында сауда орындары, гипермаркет, алты экрандық мультипликациялық кино залы, фитнесклуб, шағын гольф алаңы, тропикалық өсімдіктері бар бақшалар, жабық бассейн, жағажай және мейрамханалар орналасады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар