Жаңалықтар

2 қараша 2005
Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бүкіләскерлік екінші кеңеске қатысты.

-Сіздермен қайта қауышып отырғаныма қуаныштымын. Біздің мемлекетіміздің дамуының жоғары серпінін ескерер болсақ, мұның алдында өткен кеңестен бері де аз уақыт өткен жоқ. Үстіміздегі жылы біз сіздермен бірге кезекті бес жылға : Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстанның мобилизациялық жоспары сияқты бағдарламалық құжаттарды қабылдаймыз, – деді Президент өз сөзінде.

Мемлекет басшысы Қазақстан әскерінің алдына тоғыз басым міндеттерді қойды.

Олар: Қарулы Күштердің соғыс қабілеті мен мемлекеттің тұтастай қорғаныс қабілетінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету; қарулану мен әскери техниканы сапалы түрде сақтау; өңірлік күштердің өзара тиімді іс-қимылы мен топтасуы; әскери жинақтамаларды кезең-кезеңімен келісім-шарттық негізге көшіру; лаңкестік пен экстремизмнің сипат алуына қарсы күрес мәселесінде тегеурінді министрліктер мен ведомствалардың өзара іс-қимылын жетілдіру; әскери ғылым мен жаңа технологиялар табыстарын тиімді пайдалану; әскери білімді дамыту; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде әскерді қолдануды жоспарлауды жетілдіру; әскерилердің өмір сапасын жақсарту.

-Дарынды жастарды, офицерлер мен сержанттарды тәрбиелеуіміз керек, әскери қызметтің, Отан қорғаушы мамандығының беделі мен абыройын арттыру қажет, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы кеңеске қатысушыларға жемісті еңбек, табыс және Қазақстанның игілігі жолында жаңа биіктерге жете берулеріне тілек білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар