Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 қараша 2005
Мемлекет басшысы Кентау қаласының ардагерлерімен кездесті
50.jpg

Әңгімелесу барысында Президент ардагерлерге шағын қалаларды дамыту бағдарламасы және оның орындалуы Кентауда оң нәтижелерді көрсетіп отырғаны туралы айтты.

 
Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жеңістің 60-жылдығына орай аға ұрпақты қолдау, барлық санаттағы зейнеткерлер үшін базалық зейнетақы енгізу және басқа да шаралардың жағымды пікір тудырғанын атап өтті.

 
Мемлекет басшысы аға ұрпаққа әлеуметтік қолдау көрсету әрқашан мемлекеттің жіті назарында болатынын атап көрсетті және кездесуге қатысушыларға мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар