Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы метрополитен желісінің бірінші кезегінің құрылысымен және «Самал-1» ықшам ауданындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

48.jpg

49.jpg

Алматыдағы метро құрылысы 80-ші жылдардың аяғында басталған болатын. Құрылыстың толық құны 101,286 миллиард теңгені құрайды. Биылғы жылы Алматы метросына республикалық бюджеттен 5, 268 миллиард теңге қаражат бөлінді.

 
– Метро желісінің бірінші кезегінің құрылысы – Алматыдағы ғана емес, барлық республикадағы жақсы өзгерістердің бейнесі іспеттес. Алматы метрополитен жүйесі сөзсіз қажет. Қазақстандық ең ірі мегаполис ыңғайлы және қауіпсіз қозғалыс құралымен қамтамасыз етуді талап етеді. Болашақ метрополитен осы талаптарды қанағаттандыратын болады, - деді Президент оңтүстік астана тұрғындарына.

 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылдан бастап «Алматы аулалары» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Оның мақсаты үлкен адамдардың дем алуына, балалар мен жасөспірімдердің тұрғын-жай бойынша белсенді әрі тиімді уақыт өткізуіне қажетті жайлы жағдай жасау болып табылады.

 
- Алматының күннен-күнге көркеюін көру өте қуанышты. Тек биылғы жыл басынан бері 650-ден астам аула қалпына келтірілген. Бағдарламаны жүзеге асыру – кешенді абаттандыруға, көркейтуге, тұрғын үйлердің аулаларын жарықпен қамтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың тиісті дәрежеде сақталуын қамтамасыз етеді, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар