«Қазақстанда Минскідегі «Октябрьская» метросы стансасындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
Қазақстанның көпұлтты халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендерге қолдау сөзімді жеткізуді өтінемін», делінген көңіл айту жеделхатында.