Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Блэр Хаус» резиденциясында АҚШ Конгресінің мүшелерімен кездесті.

144.jpg

145.jpg

Кездесуге сенаторлар Мэри Ландрье, Сэм Браунбек, конгрессмендер Том Лантос, Джим Сакстон, Элси Хастингс, Роберт Векслер, Дэррел Айсса, Шелли Беркли, Фил Инглиш, Чарли Мелансон, Крис Кэннон, Патрик Тиберии, Стив Кинг, Роберт Адерхолт қатысты.

 

- Мен өзімнің ескі де жаңа достарымды көргеніме аса қуаныштымын. Біздің сіздермен «Блэр Хаустағы» соңғы кездесуімізден бері Қазақстанда ауқымды өзгерістер жүзеге асты. Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, қазақстан-американ әріптестігінің қарқыны да өзгерді. Мен біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестіктің барынша сапалы деңгейге жетіп, өзара жоғары сенімге ие болғандығын ризашылықпен айтамын, - деп атап өтті Елбасы кездесудің ашылуында.

 

Кездесуде сөз сөйлеген АҚШ Конгресінің аса беделді әрі қадірлі мүшелерінің бірі Том Лантос Нұрсұлтан Назарбаевқа әлемдегі аса ірі екінші ядролық полигонның жабылуының 15-жылдығымен Қазақстанды құттықтаған АҚШ Конгресі өкілдер палатасының № 905 қарарын тапсырды.

 

Осы Қарарда «Қазақстанның көшбасшылығы және Құрама Штаттармен ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастығы басқа елдер үшін үлгі болып табылады» деп айрықша атап көрсетілген.

 

Кездесуде сөз сөйлеген американ-қазақстан парламентаралық достық тобының тең төрағасы, Флорида штатынан сайланған конгрессмен Роберт Векслер Құрама Штаттарының Капитолий ғимараты үстінде 27 қыркүйекте Қазақстан Президенті сапарының құрметіне көтерілген АҚШ Жалауын Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырды. Сондай-ақ конгрессмен Мемлекет басшысына сәлемхат-жолдауын тапсырды, онда былай делінген:

 

- Біз сіздердің елдеріңіз 1991 жылы Тәуелсіздік алған уақыттан бері тереңдей түскен достық пен әріптестікті Құрама Штаттар мен Қазақстан нығайта түсуге тиіс, деп кәміл сенеміз. Біз осы әріптестікті алға жылжытудағы, лаңкестікке қарсы күрес пен қару таратпау саласындағы Сіздің еліңіз көрсеткен теңдессіз көмекті қоса алғанда Сіздің шешуші рөл атқарғаныңыз үшін зор ризашалығымызды білдіреміз. Американ халқы қысқа мерзім ішінде әлемнің көптеген елдері қызыға қарайтын қуатты, өркендеген әрі толерантты мемлекет құрған Қазақстан халқының ерлігі мен табандылығына сүйсінеді. Сізді Құрама Штаттарда құшақ жая қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе.

 

Қарардың мәтінін қараңыз.

 

Американ-қазақстан парламентаралық достық тобының тең төрағалары Р.Векслер мен Дж.Питтстің сәлемхат-жолдауының мәтінін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар