Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 қараша 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен кездесті.
big-12.11-1

Кездесу барысында Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) төрағалығына дайындық барысына қатысты кең көлемдегі мәселелер талқыланды. 

Мемлекет басшысы Марк Перрен де Бришамбоға Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселесіне қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты. 

ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы біздің еліміздің алдағы уақытта төрағалық етуі ЕҚЫҰ алдында жаңа көкжиектер ашатынын, ал Қазақстанның тәжірибесі бұл ұйымды дамытуда үлкен септігін тигізетінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу туралы бастамасының маңыздылығы туралы пікірін білдірді.

- ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу – өте жақсы бастама. Бұл ұйымға жаңа қарқын беріп, тұрақтылықты нығайта түсуді қамтамасыз етеді. Бізге қазірдің өзінде Қазақстан көшбасшысының бастамасына қатысты оң пікірлер келіп түсуде. Бұл бастама кеңінен қолдау табуда және біз оны алға жылжытатын боламыз. Қазақстан өзге елдерге үлгі көрсете алады. Атап айтқанда, бұл Қазақстан көшбасшысының ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы саясатына қатысты,- деп атап өтті Марк Перрен де Бришамбо.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар