Парламент Спикері Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Өз кезегінде Президент Эне Эргманы Эстония Парламентінің Спикері қызметіне қайтадан сайлануымен құттықтады.
Кездесу кезінде сондай-ақ қазақстандық-эстониялық ынтымақтастық мәселесі, атап айтқанда, парламентаралық байланыстарды нығайту, Қазақстан мен Эстония арасындағы әуе қатынасын дамыту, Тартуский Университеті мен Назарбаев Университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.