Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі.

305.jpg

306.jpg

307.jpg

Елбасының сөзі әкімшілік реформа шеңберінде корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңартуға арналған.

 
- Біз мемлекеттік қызметті тұтынушылардың мүдделері барынша ескерілетін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасайтын боламыз. Мемлекеттік аппарат корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде ең озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеуі тиіс, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.

 
Мемлекет басшысы әкімшілік реформаның негізгі бағыттарын, оның ішінде мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіруді, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруды, мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізуді, мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін және бюджеттік процестің жаңа ұстанымдарын енгізуді, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, тұрлаулылығын және оның басқару мүмкіндігін арттыруды, сыбайлас жемқорлықты азайтуды, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мен оны нығайтуды атап көрсетті.

 

 
Президент, сондай-ақ, әкімшілік реформа жөніндегі жұмыс тобына биылғы жылдың соңына дейін әкімшілік жүйені жаңалаудың принциптері бойынша құқық қорғау жүйесін, бюджеттік саланы, білім беру мен денсаулық сақтауды реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырды.

 
- Қазақстанның өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басу қисыны мемлекеттік басқаруды, саяси жүйені, бәлкім, елдің Конституциясын мұқият зерделеуді және тиісті реформалар жүргізуді талап етеді. Түптеп келгенде, біз еліміздің саяси және мемлекеттік құрылымының ұтымды моделін жүзеге асыруға тиіспіз. Мемлекеттік басқаруды жаңарту, саяси реформаларды жүргізу біздің қоғамымыздың топтасуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі мен абыройын өсіре түсуге жәрдемдесетіні сөзсіз. Бұл Қазақстанның халықаралық саясаттың, өркениеттер арасындағы диалогтың, Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен ықпалдастықтың бірден бір орталығына айналуына мүмкіндік береді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін қараныз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар