Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 қараша 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттады.
07_big-12.11

Қазақстан Президентінің «Алтын сапа-2009» сыйлығының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Меланж» акционерлік қоғамы, «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Даму» индустриялық-логистикалық орталығы» ЖШС марапатталды.

- Алтын сапа» сыйлығын алу – бұл тек технология мен менеджментте қол жеткізген жетістікке берілген баға ғана емес. Бұл – сол компанияның барлық еңбеккерлерінің жауапкершілігіне, азаматтығына және патриоттығына берілген баға, - деді, лауреаттарды құттықтай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы конкурс жеңімпаздарына алдағы уақытта табыстар тіледі және бизнес қоғамдастығын еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар