Жаңалықтар

7 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Сербия қарым-қатынастарының тарихында алғаш рет Астанаға ресми сапармен келген Сербия Президенті Борис Тадичпен кездесті.
01

Ақордада өткен ресми рәсімнен кейін шағын және кең құрамда жоғары деңгейдегі келіссөздер болып өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Борис Тадич өзара тиімді келісімшарттық-құқықтық базаны құру, саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президенті Борис Тадичтің Қазақстанға алғашқы ресми сапарына маңызды мән беретінін атап өтті.

- Бұл Қазақстан мен Сербияның ынтымақтастығын нақты кеңейтудің тамаша мүмкіндігі, -деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Тараптар Қазақстан мен Сербия ең маңызды әртүрлі салаларда өзара іс-қимыл перспективасына ие екеніне тоқталды. Екі елдің сыртқы істер министрліктерінің тұрақты кеңес алмасулары туралы келісімге қол жеткізілді. Астанада Сербияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігін ашу жоспарлануда.

Мемлекет басшылары сондай-ақ екі жақты экономикалық байланыстарды едәуір жандандыруға бағытталған кешенді шараларды белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев пен Борис Тадич екі елдің үкіметтеріне сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде үкіметаралық комиссия құруды тапсырды.

Келіссөздер барысында Қазақстан-Сербия өзара іс-қимылының анағұрлым перспективалық бағыттары айқындалды. Бұл өңдеу саласындағы, көлік және транзит, құрылыс секторы, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнестегі бірлескен жобалар.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатқанын, соның аясында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асатынын атап өтті. Президент серб компанияларын осы жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.

Екі елдің көшбасшылары сондай-ақ Қазақстан-Сербия көлік-транзит әлеуетін пайдалану, Еуропаға қазақстандық жүктерді және еуропалық тауарларды – Қазақстанға тасымалдау жөніндегі ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктерін талқылады. Бұдан басқа, Сербия Еуропаға энергетикалық бағыттар жолында маңызды орынды иеленеді, газ және мұнайқұбырлары құрылысының стратегиялық жобаларына қатысады.

Сербияның Кедендік Одақпен өзара іс-қимылы келіссөздердің ерекше тақырыбына айналды. Қазақстан, Ресей және Беларусьтің кедендік кеңістігін біріктіру арқылы орасан рынок құрылды. Осындай жағдайда Сербияның бизнес-қоғамдастығы үшін жаңа қызықты жобалар ашылып, жұмыс үшін жеткілікті тартымды жағдай пайда болуда.

Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді талқылау, БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге ұйымдардың аясында Қазақстан мен Сербияның ынтымақтастығы жоғары деңгейдегі келіссөздердің маңызды бөлігіне айналды. Қазақстан мен Сербияның өзекті халықаралық проблемалар бойынша саяси тұрғыдағы ұстанымы ұқсас екені атап өтілді.

Қазақстан Президенті Сербия Президентіне Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Борис Тадичті Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның Саммитіне қатысуға шақырды.

Сербия Президенті шақыруды алғыс сезіммен қабыл алды және осынау беделді Ұйымның Саммитіне қатысатынына сенім білдірді.

Борис Тадич Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды жаңғыртудағы рөліне жоғары баға берді.

- Мен Сіздің мемлекеттің экономикалық дамуын жеделдету жөніндегі жетістіктеріңізге және келесі онжылдықтағы жоспарыңызға құлшыныс білдіремін. Мен Қазақстан экономикалық басым және әлемдік деңгейдегі маңызды елге айналатынына кәміл сенемін, - деп атап өтті Сербия Президенті.

Келіссөздерді аяқтай келе, тараптар оның қорытындысы Қазақстан-Сербия қарым-қатынастарының жаңа пекрпективалық беттерін ашқанын мәлім етті.

Сапардың аясында екі ел азаматтарының өзара сапарлары туралы, инвестицияларды қолдау және өзара қолдау туралы, еркін сауда туралы үкіметаралық келісімдерге, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Сербияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға, сондай-ақ екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Келіссөздердің қорытыдысы бойынша Мемлекет басшылары бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

***

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сербия Президенті Борис Тадич "Қазақстан" орталық концерт залында болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар