Жаңалықтар

21 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары аясында Эстонияның көрнекті іскер топтарының өкілдерімен кездесті.
01

Кездесуге эстондық ірі компаниялардың жетекшілері, соның ішінде «Port of Tallinn» АҚ басқармасының төрағасы Айн Кальюранд, «Эстон темір жолы» АҚ басқарма төрағасы – атқарушы директоры Кайдо Симмерманн, «Eesti Energia» АҚ басқарма төрағасы Сандор Лийве, «Estonian Air» АҚ басқарма төрағасы Андрус Альяс, «Tallinn Airport» АҚ басқарма төрағасы Рейн Лойк және басқалар қатысты.

Кездесуді Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансип жүргізіп отырды.

Кездесуге қатысушылар Еуропалық Одаққа және өзге шетелдік рыноктарға жіберілетін қазақстандық тауарларды эстондық порттардан тасымалдауда және бөлуде бәсекелестікке жарайтын орталықтарды құру және көлік саласында бар әлеуетті атап өтіп, екіжақты экономикалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.

Мемлекеттік сапар аясында сондай-ақ «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Эстония сауда өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Эстония Республикасының «Eesti Energia AS» АҚ ұлттық компаниясы арасында  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар