Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттарымен кездесті.

Президент «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан партиялық тізім арқылы сайланған Мәжіліс депутаттарын құттықтады.


- «Нұр Отанның» жеңісі ел үшін аса маңызды. Халық жаңа Қазақстан үшін, демократия мен ел дамуы үшін, біздің ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі үшін дауыс берді. Бүкіл әлем біздің әділ, ашық және бәсекеге қабілетті сайлау өткізгенімізді көрді. Осы сайлауда «Нұр Отан» партиясы өзінің заңды және лайықты бағасын алып, жеңіске жетті, - деді Мемлекет басшысы.


«Нұр Отан» партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі қағидаларын түсіндіру үшін ел арасында теңдессіз жұмыс жүргізді. Партия 5 миллионнан астам қазақстандықтар қатысқан 12 мыңнан астам іс-шаралар өткізді.


Мемлекет басшысы өткен сайлаудың нәтижесінде «саяси институттар мен билік тармақтарының арасындағы өзара әрекеттестік жаңа негізде қаланатын саяси жүйенің жаңа нұсқасы құрылатынын» атап өтті.


Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан сайланған депутаттар алдына алдағы мерзімге арналған бірқатар маңызды міндеттер қойды.

Мәжіліс барысында «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі болып Бақытжан Жұмағұлов сайланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар