Жаңалықтар

2 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте «ИнтерКомШина» АҚ шина зауыты мен «Меланж» АҚ мақта-мата және жіп иіру өндірісі кәсіпорынында болды.

«ИнтерКомШина» жеңіл автокөліктер мен арнайы және ауыл шаруашылық техникалары үшін шина өнімін шығаратын Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын.

-Кәсіпорынға бүгінгі таңда 40 миллионнан астам доллар инвестиция салынды, 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл индустриялық даму  жөніндегі мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі, – деді Президент.

«Меланж» АҚ Ресей мен Украинаға тоқыма өнімдерін экспорттайды, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 5 000 тонна тоқыма өнімін құрайды.

Президент қайта құрылған мақта-мата өнімін шығару жөніндегі өндірістік кешенін іске қосты.

Қайта құру мен тігін және сырлау-өңдеу өндірісін кеңейту жұмыстарының жалпы құны 40,5 миллион долларды құрады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар