Жаңалықтар

3 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентттегі «Абдул Хамид Каттани» мешітінде болып, барша мұсылман қауымын Ораза айты мерекесімен құттықтады.
162.jpg

Президент Қазақстан қоғамының рухани және діни құндылықтарға бет бұруының мән-маңызын атап өтті. Қазіргі уақытта елімізде қырықтан аса конфессиялардың үш мыңнан астам діни бірлестігі бар. Діни бірлестіктердің ширек бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында қызмет атқарады және оның 84 пайызы мұсылман дініне жатады.

 

-Бұл оңтүстікқазақстандықтардың наным-сенім қағидалары мен ұлттық дәстүрлерге деген құрметінің, жоғары рухани құндылықтарға деген берік ұстанымдарының айқын дәлелі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев иман жолындағыларға арнаған құттықтауында.


 

-Тәуелсіздіктің, тыныштық пен бірліктің арқасында Қазақстан бүгінде елеулі табыстарға қол жеткізді. Экономика серпінді дамуда және таяудағы жылдары оның көлемі үш есеге артады, қазақстандықтардың әл-ауқаты одан сайын жақсара түседі, болашағынан зор үміт күттіретін  дарынды жастарымыз өсіп келеді. Осының барлығының берік іргесі қазақстандықтардың діннің өзі сүрлеу тартатын әлемдік құндылықтарға, келісімге, жасампаздық пен тұрақтылыққа деген  берік ұстанымы болып табылады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның барша мұсылман қауымына бейбітшілік пен береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар