Таллин әкімдігімен танысқаннан кейін Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Қала мэрімен кездесу барысында Қазақстан мен Эстония арасындағы мәдени алмасуларды жандандыру, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ Астана мен Таллин арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды.