Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.
47.jpg

Мемлекет басшысы жоғары технологиялар кешенін аралап көрді және кеңселері осы Паркте орналасқан компаниялардың қызметімен танысты.

 
- Бүгін біз тұңғыш ірі ақпараттық технологиялар паркін ашып отырмыз. Осы технопаркті құру идеясы менде біраз уақыт бұрын, атап айтқанда, 2002 жылы Үндістанның Бангалор қаласындағы ақпараттық технологиялар орталығын көрген кезде туындаған. Бұл жобаны біздің Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиямыздың «алғашқы қарлығашы» деп атауға болады. Өздеріңізге белгілі, мен өз Жолдауымда өңірлік IT-орталығы ретінде ақпараттық технологиялар паркін құру міндетін қойдым. Осы шешімді қабылдар алдында біз қаланың экологиялық жағдайын да ескердік. Алматының  ауқымдылық жағынан бұдан әрі дамуы қарқын ала алмайды, бұл мегаполиске компьютерлік және нанотехнологиялық саланы терең дамытатын жаңа ресурстар қажет. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі басты мақсатымыз орайында бізге халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда қазіргі заманғы ғылыми орталықтар мен «технологиялық парктер» құру әрі дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқару керек. Сонымен бірге, ғылыми әлеуетті дамыту қолданбалы ғылымды өндіріске, бизнеске барынша жақындатуға бағытталуы тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 
«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы нысандары кешенінің құрылысы 2004 жылы басталған. Құрылысқа тапсырыс беруші АО «Инжиниринг және технологияларды трансферттеу орталығы» болып табылады. Парктің жалпы аумағы 342,9 гектарды құрайды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар