Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қазан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркия Республикасында болды. Анкарада Қазақстан Президенті Түркия Президенті Абдоллаһ Гүлмен кездесті.
big-турция.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Абдоллаһ Гүлді президент лауазымына сайлануымен құттықтады.


Тараптар саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылап, достық қарым-қатынастарды нығайтуға ниет білдірді.


Мемлекет басшылары стратегиялық әріптестікті тереңдету қажеттілігі туралы мәлімдеді.


Екі елдің экономикалық даму деңгейі сауда-экономикалық ынтымақтастық көлемін арттыруға мүмкіндік туғызады. Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі 2006 жылы 906 миллион долларды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артып отыр.


Келіссөздер барысында аталып өткендей, Қазақстан мен Түркияда экономикалық ынтымақтастықты арттыруға және 2010 жылға дейін тауар айналымын 5 миллиард долларға дейін ұлғайтуға қажетті барлық мүмкіндіктер бар.


Таяу уақытта Түркиямен экономикалық ынтымақтастық туралы 2007-2008 жылдарға арналған бағдарлама және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылады деп жоспарлануда.


Қазақстан Анкарамен энергетика және көлік-коммуникация салаларындағы үнқатысуды дамытуға үлкен мән береді. Қара теңіздегі Джейхан айлағындағы мұнай өңдеу зауытының құрылысы Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр.


Біздің елдерімізді сыртқы саяси қызметтің негізгі мәселелері жөніндегі өзара түсіністік біріктіреді. Түркия Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі өтінішін қолдайды. Қазақстан Түркияның 2009-2010 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Тұрақты емес мүшесі болу ниетіне қолдау білдіреді.

Екі мемлекет те мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа мазмұнды қырлармен толықтыра түсуге мүдделі.


Нұрсұлтан Назарбаев түркиялық әріптесін өзіне қолайлы уақытта екіжақты және жан-жақты ынтымақтастық мәселелерін кеңінен талқылау үшін Қазақстанға келуге шақырды.


Тараптар елдеріміз арасындағы екі халықтың ортақ бауырластық тамырына негізделген достық қарым-қатынастардың айнымастығын қуаттады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар