Жаңалықтар

7 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен Ақордадағы кездесуден кейін Сербия Республикасының Президенті Борис Тадич «Хабар» телеарнасына арнайы сұхбат берді.

Сербия Президенті өзінің Қазақстанға алғашқы сапары анағұрлым табысты болғанын атап өтті.

-  Соңғы он жылда Қазақстан таңқаларлық нәтижелерімен көрінуде. Егер еске түсірсек, бұдан 20 жыл бұрын Қазақстан еңбекақы мен зейнетақы төлемдері проблемасымен бетпе-бет келді, бүгінде мүлде басқаша көрініс. Бұл дамудың жоғары деңгейін және елді жақсы басқарудың куәсі. Адамның бастамасынсыз ешқашан ештеңе болмайды. Қазақстанның табысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басымен тығыз байланысты. Мен елдің неге қол жеткізгенін, қандай инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылғанын, адамдардың өмір сүру деңгейі қалай артқанын көріп отырмын. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлемдік деңгейдегі мемлекеттік қайраткер. Ол үлкен құрметке ие саясаткер және оның өз халқы мен өз елінің өмірін жақсартуға қосқан үлесін байқамау әрі бағаламау мүмкін емес, - деді Борис Тадич.

Екі жақты қарым-қатынастардың дамуын бағалай келе, Сербия Президенті экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті келешекке арналған перспективалық жоспар құруға мүмкіндік беретінен атап өтті. Атап айтқанда, фармацевтика, энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.б. салалардағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар